• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Қыркүйек, 2023

Азия чемпионаты Алматыда өтеді

150 рет
көрсетілді

Үстел теннисінен 2024 жылғы Азия чем­пионаты Алматыда өтеді. Бұл ақ­па­ратты ATTU растап отыр.

– Қазақстан қай спорт түрінен болса да жарыстарды аса жоғары деңгейде өткізеді. Солардың қатарында үстел теннисі де бар. Бұйыртса, Азия чемпионаты да сол дәрежеде ұйымдастырылады. Бұған дейін біздің елде ТМД мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы дода және «World Tour Grand Finals» пен «Contender» сериясындағы бәсе­келердің жалауы желбіреді. Енді Азия чем­пионатын өткізуге бел буып отырмыз. Бұл жарыстар елімізде спорттың осы түрінің дамуына тың серпін беретініне сенім­дімін, – дейді үстел теннисінен Респуб­лиалық федерацияның президенті Данияр Абулғазин.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше ғана аяқталған Азия чемпионатында ел құрамасы ширек финалға дейін жетіп, 2024 жылы шымылдығы түрілетін әлем чемпионатына жолдама алды.