• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Қыркүйек, 2023

Олимпиада чемпионының жеңісі

152 рет
көрсетілді

Велоспорттан «Испания Вуэль­тасы­ның» 17-кезеңі 33 жастағы Слове­ния­ның саңлағы, Олимпиада чемпионы При­мож Рогличтің жеңісімен аяқталды.

Рибадеселья мен Англиру өңірлері аралығын жалғастырған 124,4 мың шақы­рымдық қашықтықты «Jumbo-Visma» клубының серкесі 3 сағат 15 минут 56 секунд­та жүріп өтті. Рогличтің коман­далық әріптесі, даниялық Йонас Вин­гегор же­ңімпаздан небәрі алты секунд қалып қойды. Үшінші орынды америкалық Сепп Кусс иеленді. Ол да «Jumbo-Visma» клу­бының мүшесі. «Астаналық» Андрей Зейц 24-сатыға жайғасты.

Жалпы есептегі жағдай өзгеріссіз. Бі­рінші орында – Сепп Кусс. АҚШ вело­шабандозының көрсеткіші – 60 сағат 34 минут 21 секунд. Екінші орындағы Йонас Вингегор одан алты секунд қалып келеді. Үшінші сатыға Примож Роглич тұрақтады. Қазақстандық Андрей Зейц 50-орынды еншілеген.