Батыс Қазақстан облысының ТЖ департаменті мәлім еткендей, оқиға 14 қыркүйек күні Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылында болған, деп жазады Egemen.kz.
Киім-кешек тиелген Volvo жүк көлігінің 32 жастағы жүргізушісі сағат 16.30-да Ленин көшесі 2-мекенжай тұсында ағашқа соғылып, кейін автокөлік отқа оранған.
«Тілсіз жау сағат 18.18-де оқшауланып, 21.43-те толық ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына департамент құрылымдарынан 19 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», деп хабарлады ведомство өкілдері.