«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің тоғызыншы кезеңін қорытындылаған шабандоздар 850 шақырым жолды өндірді. Алда әлі 450 шақырым бар, деп хабарлайды Egemen.kz Joryq ат спорты федерациясына сілтеме жасап.
Тоғызыншы кезеңде Алматы облысының командасы көш бастап, мәре сызығын алғашқы болып қиса, Қостанай облысының жігіттері екінші, Жетісу облысының шабандоздары үшінші жетті.
Жалпы тоғыз кезеңнің уақыт қорытындысында былтырғы «Ұлы дала жорығының» жеңімпаз командасы - Маңғыстау облысының жігіттері алда келеді.
Тоғызыншы кезеңде Жамбыл облысының командасы жарысты аяқтауға мәжбүр болды. Үш шабандоздың бірі атының аяғын ақсатып алғандықтан дәрігерлер бәйгені жалғастыруға рұқсат етпеді.