• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Спорт 15 Қыркүйек, 2023

Әлем чемпионатында еркін күрес балуандары сынға түседі

267 рет
көрсетілді

Ертең Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Келесі жылы өтетін Париж жазғы Олимпиадасына жолдама үлестірілетін әлем чемпионатында  балуандарымыздың арасынан алғаш болып  61 келі салмақта  Дастанбек Өсімжан кілемге шығады. Дастанбек жазда  Венгрияда өткен рейтингтік турнирде  күміс жүлдегер атанды.

Сонымен қатар ертең  еркін күрестен 70, 86, 125 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар да әлем чемпионатында бақтарын сынайды.

Сербия елі күрес түрлерінен байрақты  доданы   қатарынан екінші мәрте ұйымдастырып отыр. Былтыр да Белградта әлемнің  үздік балуандары  белдесуге түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар