12 қыркүйекте өткен Батыс Қазақстан облысы мәслихатының сессиясында депутаттар халық өз әкімдерін өздері сайлайтын аудандарды таңдады, деп жазады Egemen.kz.
Үш аудан орталығында – Қаратөбе, Бөкей орда және Тасқалада әкімдердің пилоттық сайлауын өткізуге барлық депутаттар «жақтап» дауыс берді.
«Әкімдерді тікелей сайлау жергілікті демократияға жасалған қадам. Саналы таңдау болуы керектігін халыққа түсіндіру қажет. Адамдар әкімді өздері үшін таңдайды, содан кейін одан халық игілігі үшін не істеп жатқанын сұрауға болады», деген депутат Мереке Ғабдуалиев сайлау неғұрлым ауқымды болса, аудандарда халық әкімдерінің пайда болу ықтималдығы соғұрлым жоғары болатынын, сонымен қатар, «өзін – өзі ұсыну» ұғымы бойынша өзін-өзі ұсынушылар, белсенді азаматтық ұстанымы бар және тиісті білімі бар партиялық емес адамдар сайлауға қатыса алатынын атап өтті.
Үш аудан әкімдерінің пилоттық сайлауы 5 қарашада Қаратөбе, Тасқала, Бөкей орда аудандарында өтеді.