• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Теннис 16 Қыркүйек, 2023

Юлия Путинцева Осакадағы турнирдің финалында сүрінді

136 рет
көрсетілді

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева жұптық сында Осакадағы (Жапония) турнирдің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Қазақстан теннисшісі ресейлік Анна Калинскаямен бірге финалдағы матчын өткізді. Олар украиналық-германиялық жұп Надежда Киченок пен Анна-Лена Фридзаммен кездесті.

Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарынан 6:7(3:7), 3:6 есебімен ұтылды.

Осылайша, Юлия Путинцева жеңіске таяқ тастам жер қалғанда сүрінді.

Қазақстандық-ресейлік жұп матч кезінде екі қос қателікке жол беріп, бірде-бір эйс жасай алмады. Ал олардың қарсыласы бір эйсті орындап, екі қос қателік жасады.