• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Қыркүйек, 2023

«Астанадан» қайыр болмады

174 рет
көрсетілді

«Испания Вуэльтасы» өз мәресіне жа­­қы­ндап қалды. 20-кезеңде Нидер­ланд­тың велошабандозы Ваут Пулс­тың («Bahrain-Victorious») екпініне еш­кім шыдамады.

Мансанарес-эль-Реаль мен Гвадаррама елдімекендерінің аралығы 207,8 шақырымды құрайды. Бұл қашықтықты Ваут Пулс 4 сағат 59 минут 29 секундта жүріп өтті. Екін­ші және үшінші сатыға бельгиялық Ремко Эвенепул («Soudal – Quick Step») мен ис­па­ния­лық Пелайо Санчес («Burgos-BH») жайғасты. Жалпы есептегі жағдай бұрынғыша: аме­рикалық Сепп Кусс – бірінші, даниялық Йонас Вингегор – екінші және словениялық Примож Роглич – үшінші орындарды иеленуде. Көш басындағы саңлақтардың барлығы да – Нидерландтың «Jumbo-Visma» клубының мүшелері. «Астананың» үздігі Андрей Зейц 47-сатыға тұрақтады.

Ал Италияда Эмилия-Романья аймағында өткен Марко Пантани мемориалында еліміздің велошабандозы Алексей Луценко бас жүлдені олжалады. 193,3 шақырымдық қашықтағы оның көрсеткіші – 4 сағат 21 минут 32 секунд.