• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Білім 18 Қыркүйек, 2023

«1 қыркүйектен бастап балабақшаға тегін бара алады». Білім басқармасы талап-ережесін жариялады

798 рет
көрсетілді

«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында «Астананың балабақшаға қатысты игі бастамасы» атты мақала жарияланды. Мақала авторы Айдана Шотбайқызы мұндай мүмкіндік бүгінде 6 мыңнан астам астаналық балаға беріліп отырғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Астана қалалық білім бас­қар­масының хабарлауынша, бұл бастама ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әді­летті Қа­зақстан: бәріміз және әрқай­сы­мыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында қолға алынған. 

Астана қалалық білім басқар­масының басшысы Қасымхан Сен­ғазыев бастаманың жай-жап­сарын түсіндіріп берді.

«Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі қаулысы негізінде осы айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйым­дарындағы 6 мыңнан астам тәр­биеленуші тегін тамақтанады», деді Қасымхан Сенғазыев.

Оның айтуынша, мұндай мүмкіндік келесі санат­тарға жататын балаларға беріле­ді: жетім балалар мен ата-анасы­ның қамқорлығынсыз қалған ба­лалар, даму мүмкіндіктері шек­теулі балалар, көпбалалы отба­сының балалары, атаулы әлеуметтік көмек алу­ға құқығы бар отбасының балала­ры, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасының балалары. Қазіргі таңда бала­бақшалардан 6 409 өтініш келіп түсті.

Жоба 2023 жылғы 1 қыр­кү­йектен бастап күшіне енді және 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Мұндай мүмкін­дік­ті алу үшін тиісті санат­тар­ға жататын ата-аналар бала­сы (мем­ле­кеттік білім беру тап­сырысы ор­наластырылған мек­тепке дейінгі білім беру ұйым­дарына, толық күн болатын шағын орталықтарға) ­баратын бала­бақшаның әкімші­лігі­не жүгініп, өтініш жазуы керек. Өтініш жазып, көмек алудың шектеулі уақыты жоқ.