• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қыркүйек, 2023

32 жыл күткен алтынға сынық сүйем қалды

1803 рет
көрсетілді

Сербияның астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында  Ризабек Айтмұхан финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ризабек жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ересектер қатарына енді қосылған  19 жастағы балуан өзінің мінезділігін көрсетіп, финалға дейінгі қарсыластарын айқын ұтты. Іріктеу белдесуін екінші айналымнан бастаған балуан мажарлық Балаш Юхашты ұтты. Жартылай  финалда түрік  Фейзулла Ақтүрікті де айқын жеңді. Ақтүрік Ризабекті бұған дейін екі рет жеңген болатын. Кеткен есені Сербия төрінде қайтарды.

Бүгін әлем чемпионатының алтын медалі үшін әзербайжандық Осман Нұрмағамедовке қарсы күреске түседі. 92 келі олимпиадалық салмақ саналмайды. Десе де  қазақ елінің балуандары еркін күрестен ересектер арасында  әлем чемпионатының алтын медалін алған емес. Осы олқылықты бүтіндеу Айтмұханның сойына аманат. 32 жылда еркін күрес шеберлері әлем чемпионаттарынан  5 күміс, 11 қола медаль олжалады.