• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Мектеп 19 Қыркүйек, 2023

Мектепке де ұлттық киім жарасады

4607 рет
көрсетілді

Сәтбаев қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында биылдан бастап жақсы бір үр­діс қалыптаса бастады. Басшылықтың ұйға­рымымен мектепте әр аптаның жұма күнін – Ұлттық киім күні деп жариялады.

– Біз осындай бастама көтердік, бірақ ешкімді міндет­те­мейміз. Кімге ұнам­ды, кисін. Кигісі келмесе, мектептің бекі­тілген формасымен келе береді. Кейбір отба­сыларының қолдары қысқа болуы себеп­ті ұлттық үлгідегі киімдерді тіктіре ал­мауы да мүмкін. Соның бәрін ескере келе мін­деттеуді артық көрдік. Бірақ бастама ата-аналар тарапынан жақсы қолдау тапты. Ұлт­тық киім кию оқушыларға ғана емес, мұ­ғалімдерге де, техникалық қызметкерлерге де қатысты, – деген мектеп басшысы Дана Бақ­тыбайқызы бастама түсіністікпен жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Бірнеше сыныптарды аралап көрдік. Балалармен де, мұғалімдермен де пікір­лестік.

– Сынып болып бәріміз біртүстес киім тіктіруге келіс­тік. Ата-аналарымыз қуана келісіп жатыр. Тігінші де өз арамыздан табылды. Айдана Кеңбейілова есімді апамыздың қолы шебер екен. Барлық балаға сол кісі өзі тігіп беріп жатыр, – дейді 4 «А» сыныбының жетек­шісі Алтынай Бектасова.

Бұл шаруа мектеп ди­рек­­то­рының тәр­бие ісі жөнін­дегі орын­басары Айнұр Баян­­беко­ваның тікелей бақы­лауында көрінеді.

– Бәрі бірден бола қалмайды ғой. Бұрын Наурыз, Тәуелсіздік мерекесі кезін­де қаза­қы на­қышта киінетін болсақ, енді апта сайын бір күнді осылай белгілеп отыр­мыз. Мүм­кін, сөйте-сөйте мектеп фор­­масын ұлт­тық нақышқа өзгер­терміз. Мұ­ны ке­лешек көрсетеді. Әсі­ресе төменгі сынып оқу­шы­ларының қызығушылығы ба­сым екені байқалады, – деген ол ұлттық киім­ді на­си­хат­таудан жалықпау керектігін айтады.

Ғұлама Қаныш атындағы қаланың батыр Баукеңнің есі­мін ие­ленген мектеп-гимна­зия­сы­ның бұл бастамасы баршаға жұғысты болғай!

 

Ұлытау облысы,

Сәтбаев қаласы