• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Қыркүйек, 2023

Ризабек Айтмұханға қатысты тың дерек пайда болды

386 рет
көрсетілді

Eркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанып, елімізге тарихи жеңіс тарту еткен Ризабек Айтмұханның өмірінен қызықты дерек белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 19 жастағы Ризабек Айтмұхан Қазақстан ұлттық гвардиясында сарбаз екен. 

«Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы атындағы алматылық 5571 бөлімінің сарбазы, қатардағы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Ризабек Айтмұхан Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлихан ауданындағы Кішкенекөл ауылының тумасы. Әскери борышын өтеуге биыл жазда Алматыдағы ұлттық гвардия сапына шақырылды», деп хабарлаған ведомство.