• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Қыркүйек, 2023

Құрам анықталды

153 рет
көрсетілді

Осы аптаның соңында Ханчжоуда алауы тұтанатын жазғы Азия ойындарында еліміздің велошабандоздары қандай құрамда өнер көрсететіні анықталды.

Шосседегі жарыста Алексей Луценко жекелеген сайыста өнер көрсетеді. 31 жас­тағы «Астана» клубының мүшесі 2014 жылы Инчхонда бір және 2018 жылы Джа­картада екі алтын алды. Сондай-ақ жерле­сіміздің Азия чемпионы деген атағы бар. Луценко Дми­трий Груздев, Евгений Фе­доров және Глеб Брусенскиймен бірге коман­далық бәсе­кеде де бақ сынайды.

Әйелдер арасында Рината Сұлтанова мен Махаббат Үмітжановаға үміт артамыз. Тректе Артём Захаров, Әлішер Жұмақан, Рамис Дінмұхаметов, Дмитрий Носков, Сер­гей Кармажаков, Сергей Пономарев, Дми­трий Резанов, Кирилл Курдиди, Андрей Чугай, Анжела Соловьева, Марина Кузь­мина, Виолетта Казакова және Ақпейіл Өсім жарыс жолына шығады.

Ал маунтинбайктен өтетін бәсекеде ел намысын Денис Сергиенко, Егор Карасев, Татьяна Генелева мен Алина Сарқұлова қорғайды.