Қытайдың Гуанчжоу қаласында жалауы желбіреген WTA турнирін теннисші отандасымыз Юлия Путинцева сәтті бастады.
Жүлде қоры 259 303 АҚШ долларын құрайтын жарыстың тұсаукесер кездесуінде еліміздің екінші ракеткасы әлемдік рейтингте 213 орында тұрған жергілікті ойыншы Ю Сяодиді ойсырата ұтты. 1 сағат 47 минутқа созылған сайыс 6:4, 6:0 есебімен аяқталды. Келесі кезеңде Юлия кезінде жастар арасында әлемдік рейтингте көш бастап, бұл күндері үздіктер тізімінде 76 орынды иеленіп отырған даниялық Клара Таусонмен шеберлік байқасады. Ол алғашқы айналымда чехиялық Линда Фрухвиртовадан айласын асырды. Есеп – 6:2, 7:6.
Юлия Путинцевадан бөлек, бұл турнирге польшалық Магда Линетт, германиялық Татьяна Мария, италиялық Лючия Бронцетти, бельгиялық Грета Миннен және ресейлік Анна Калинская қатысып жатыр.