Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцева (әлемнің 81-ракеткасы) Қытай қаласы Гуанчжоудағы WTA 250 турнирінде жекелей сында үшінші матчын да сәтті аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Неміс теннисшісі Татьяна Мариямен (әлемнің 48-ракеткасы) 2 сағат 49 минутқа созылған матчта отандасымыз Юлия Путинцева үш ретте де 6:4, 6:7, 6:0 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті.
Юлия Путинцева енді өзара сынға түсетін польшалық Магда Линетт немесе испаниялық Ребека Машарованың біреуімен сайысады.