• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Қыркүйек, 2023

Әбиба – жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері

144 рет
көрсетілді

Әбиба Әбужақынова  Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалында  жапон  қызы Цунодаға есе жіберіп,  күміс медальді місе тұтты,  деп хабарлайды  Egemen.kz.

Үш дүркін әлем чемпионы атанған жапон балуаны төрт  жыл бұрын Индонезияның  Жакарта қаласында өткен жазғы Азия ойындарында да Цуноданы жығатын балуан  табылған жоқ.  Жапония  елінің балуаны екінші мәрте Азия ойындарының чемпионы атанып отыр.

Өкінішке қарай Әбибаның үміті ақталмады. Жарақаты  сыр беріп, ашылып күресе алған жоқ. Дегенмен де қарсыласының тәжірибелі екені айқын байқалды.   Әбиба жазғы Азия ойындарының іріктеу  сынында алдымен  филиппиндік  балуанды жықты, ширек финалда  Солтүстік Корея спортшысын  сүріндірді.  Жартылай финалда Оңтүстік Корея балуанын  жеңді. Дегенмен де осы  белдесуде  Әбибаның  көзінің астын қарсыласы осып жіберіп, жарақат алды.

«Финалдық белдесуде жарақатымның да салқыны тиді. Жапон қызын жеңем деген сенім болды. Қазақ қыздары дзюдо күресінен жазғы Азия ойындарының чемпионы атанған жоқ. Сол кем тұсымызды толтырсам деген үмітпен келіп едім, амал қанша   бұйырғаны осы болды», деді  Әбиба Әбужақынова.