• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 14:57

Интернеттегі балалар қауіпсіздігі: Қазақстанда 7 мыңға жуық сайтқа шектеу қойылды

Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін арттыру бойынша 59 пункттен тұратын арнайы медиа жоспар әзірледі. Үкімет отырысында балалардың бос уақытын ақпараттық сүйемелдеу шаралары туралы бірінші вице-министр Қанат Ысқақов баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Вице-министрдің айтуынша, 30 бейнеролик жасалып, олар республикалық телеарналардың эфирінде 50 реттен көп көрсетілген, одан соң қоғамдық орындарда орналастыру үшін өңірлерге берілген. Сонымен қатар, осы жазғы маусымда отандық телеарналарда балаларды цифрлық және қаржылық сауаттылыққа үйрететін, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен спортты ілгерілететін 9 жаңа жоба іске қосылады.

Министр: Балалардың жазғы демалысы жаңа талаппен ұйымдастырылады

Жалпы алғанда, алдағы жазғы науқан аясында министрлік мұражайлар мен театрларда 1,5 мыңнан астам мәдени-ағарту жобаларын ұйымдастырады. Бурабай ауданында алғашқы республикалық шығармашылық лагерь ашылады. Сондай-ақ «Жасыл ел» жасақтарында 34 мыңнан астам жас уақытша жұмысқа орналастырылады.

«Министрлік интернет-кеңістікте заңсыз контенттің таралуына мониторинг жүргізу және шектеу жұмыстарын қатар жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері балаларды құқыққа қарсы ақпараттан қорғау мақсатында заңсыз ақпаратты қамтитын 6 863 интернет-ресурсқа қолжетімділік шектелді, ал әлеуметтік желі әкімшіліктеріне 869 пабликті бұғаттау бойынша 20 мыңнан астам материал жіберілді», деп атап өтті бірінші вице-министр.

Еске сала кетейік, жыл басында Алматыда алаяқтыққа қатысы бар 17,6 мың интернет-ресурс бұғатталды.

Соңғы жаңалықтар