Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 қыркүйекте сағат 21:35-те Петропавлда Волочаевская көшесі, 113 мекенжайы бойынша өрт сөндірушілерге хабар түскен, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер бес минутта жеткен. Өртенген ағаш үйден 20-дағы бойжеткен мен 5 және 1 жастағы балалардың мәйіті табылған.
19 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндіруге 15 адам мен 3 техника жұмылдырылған.
Оқиға орнына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО ТЖД бастығы Ерік Сарыбаев, СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов барды.
Қаза тапқандардың отбасына жәрдем жасалады. Өрттің шығу себебін мамандар анықтап жатыр.