• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қыркүйек, 2023

Батыс Қазақстанда діни радикал ұсталды

241 рет
көрсетілді

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, де хабарлайды Egemen.kz.

Ұсталған азамат әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деген күдікке ілінді.

Ол бұрын террористік әрекеті үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

«Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуіп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген ҰҚК хабарламасында.