Малайзияның Лангкави қаласында өтіп жатқан велоспорттан «Лангкави турының» бесінші жарыс күні өз мәресіне жетті.
Слим-Ривер мен Гентинг Хайлендс қалаларын жалғаған бесінші кезеңде велошабандоздар 126.4 шақырым жолды жүріп өтті. Аталған қашықтықты бірінші болып «EF Education-EasyPost» командасының өкілі Саймон Карр бағындырса, екінші және үшінші орындары эквадорлық Джефферсон Александр («EF Education-EasyPost») мен испаниялық Пабло Кастрильо («Equipo Kern Pharma») өзара бөлісті. Ал «Астана» сапынан бұл кезеңде үздік нәтижеге Вадим Пронский ие болды. Ол мәре сызығын бесінші болып кесті.
Бесінші кезеңнен кейін жалпы есепте Саймон Карр көш бастап келеді. Оның уақыт көрсеткіші – 19 сағат 25 минут 10 секунд. Каррдан 1 минут 15 секундқа қалып келе жатқан В.Пронский бесінші орында тұр.