Біржолғы материалдық көмек Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу, Ұлытау облыстарындағы қарияларға төленеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күніне орай Ақмола және Павлодар облыстарында қарт адамдарға біржолғы төлем төленеді.
«Сондай-ақ Қарттар күніне (1 қазан) Астана қаласында, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күніне (25 қазан) Ақмола және Павлодар облыстарында аға буын өкілдеріне 2-ден 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде, шамамен 1,9 млрд теңгеге 234 мың адамға біржолғы материалдық көмек көрсетіледі», делінген мәліметте.
Сонымен қатар қарттар күніне орай Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Абай, Ұлытау облыстарында мерекелік азық-түлік себеттері табысталады.