Алдағы күндері Алматы қаласы оңтүстік кореялық Seegene медициналық концернінің Орталық Азиядағы өңірлік хабына айналады.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Сеулдегі жұмыс іскери сапары барысында Seegene медициналық қоры (SMF) мен Open Healthcare Inc компаниясының төрағасы Чхон ЧонГимен кездесу өткізді. SMF – Оңтүстік Кореяның медициналық диагностика және зертханалық зерттеулер саласының көшбасшы десек те болады.
Осы кездесудің арқасында Орталық Азиядағы SMF өңірлік хабы болып ретінде Алматыны таңдау туралы ұсыныс болып, оңтүстіккореялық компания Алматының медицина саласына шамамен $30 млн инвестиция салуға ниетті екендіктерін мәлімдеген. Атап айтқанда, жаңа клиника салу, клиникалық зертханаларды жаңғырту, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде емхана мен медициналық зерттеу орталығын басқару әдістемесіне денсаулық сақтаудың корей моделін зерделеу мен енгізу, сондай-ақ тіркеу деректерін өңдеу рәсімін оңтайландыру, өзін-өзі диагностикалау құрылғылары мен телемедицинаны дамытуда бірлескен жобаларды іске асыру келешегі қаралды.
«Бүгінде бүкіл әлемде денсаулық сақтау біртіндеп емдеу үлгісінен диагностикаға көшіп отыр. Бұл – аурулармен күресу мен азаматтардың денсаулығын қорғаудың тиімді жолы. Пандемия көрсеткендей, әлем жаңа сынақтардың алдында тұр: медициналық орталықтарды заманауи зертханалармен жабдықтауға және зерттеулер жүргізуге назар аударатын елдер ғана бәсекеге қабілетті», деді Ерболат Досаев.
Алматы әкімі Чхон ЧонГи мен оның әріптестеріне пандемия кезінде Алматы тұрғындарына көрсеткен көмегі мен COVID-19 жасаған диагностикасы үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде SMF төрағасы Чхон ЧанГи Seegene диагностикалық тестілеуі пандемия кезінде оң нәтиже бергенін атап өткен. Медициналық концерннің жоғары тиімді технологиясы сапалы әрі жаппай талдау жүргізуге мүмкіндік берді: Оңтүстік Кореядағы коронавирустық сынақтардың 50%-ы мен Сеулдегі сынақтардың 60%-дан астамын бір мекеме – Seegene медициналық қоры өңдеді. SMF жұмысының арқасында Оңтүстік Кореядағы дүниежүзілік пандемия кезіндегі өлім-жітім көрсеткіші басқа елдермен салыстырғанда ең төмен дейгейде болғаны белгілі.