• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қыркүйек, 2023

Әділбек Мусин жүзуден қола медаль иеленді

223 рет
көрсетілді

Ханчжоуда (Қытай)  басталған ХІХ жазғы Азия ойындарында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин қола медаль иеленді, деп хабарлайды  Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту  дирекциясының баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Әділбек  төрт жыл бұрын  Индонезияда өткен жазғы Азия ойындарында 50 метрге баттерфляй және эстафеталық топтық жүзуде қола  жүлде иеленген еді.

Енді Қытайда да сол жетістігін қайталады.