• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Үкімет 29 Қыркүйек, 2023

Ғылымды дамыту бағыттары

182 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысында ғылымды дамытудың 2024-2026 жыл­дарға арналған басым бағыттарын айқын­дау мәселесі қаралды.

Отырысты ашқан Үкімет басшысы күні кеше ғана Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы 2023 жылға арналған Жаһандық инновациялық индекс жарияланғанын атап өтті. Ол ғылымға, білім беру жүйесіне және инфрақұрылымға қатысты 80-ге жуық көрсет­кішті қамтиды.

«Қазақстан Үндістан мен Иран­нан кейін Орталық және Оңтүс­тік Азия аймағы бойынша үздік 3 инно­вациялық экономиканың қатары­на енді. Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім министрліктері елі­міздің халықаралық аренадағы по­зи­­цияларын жақсарту үшін ға­лым­­­дарға қажетті жағдай жасау және инфра­құрылымды дамыту жұмыс­тарын жалғастыруы керек», деді Ә.Смайылов.

Сала басшысы Саясат Нұрбек ха­лықаралық тәжірибені, атап айт­қанда, Еуропа Одағы елдері, Канада, Аустралия, Малайзия, Испа­ния және басқа да мемлекеттерді, сондай-ақ Мем­лекет басшысының халық­қа Жол­дауында және басқа да бағ­дар­лама­лық құжаттарда белгі­ленген стра­­тегиялық міндеттерді ескере оты­­рып, алдағы жылдарға арнал­ған ғы­лым­ды дамытудың алты басым бағыты әзірленгенін айтты. Ұлт­тық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету ба­ғы­ты жеке қарастырылатын болады.

Бұл тізімге «Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану», «Энергия, озық материалдар және көлік», «Озық өн­діріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар», «Елдің зияткерлік әлеуеті», «Өмір және денсаулық туралы ғылым» және «Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту» бағыттары енді. Өз кезегінде бағыттардың әрқайсысы 8-ден 18-ге дейінгі бөліктерден тұрады.

Жалпы, белгіленген басымдықтар шең­берінде су ресурстарын ұтымды пай­далану, топырақ сапасын сақ­тау, энергетикалық қауіпсіздікті (со­ның ішінде жылу энергиясын) қамта­масыз ету, парниктік газдар шы­ға­рындыларын азайту және жаңар­ты­латын көздерді дамыту мәсе­лелеріне назар аударылады.

Талқылау және дауыс беру нәти­желері бо­йынша Жоғары ғылы­ми-техникалық комиссия аталған тәсілдерді мақұлдады.

Сонымен қатар жиында ғылыми-тех­никалық міндеттерді жүзеге асыру мәсе­лелері қаралды.