• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қыркүйек, 2023

Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

391 рет
көрсетілді

Құқық қорғау органдары Өскемендегі жалдамалы пәтерлердің бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Polisia.kz жазуынша, 39 жастағы Өзбекстан азаматы бір жылдан астам уақыт бойы ауыр қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда ірі көлемде мүлік ұрлағаны үшін халықаралық іздеуде болған. 

«Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзбекстан Республикасындағы әріптестерімізге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді», деді ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков. 

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО полиция департаментінің қызметкерлері іздеуде жүрген 80-нен астам қылмыскерді ұстады.