Қазақстан спортшысы Каролин Чепкоеч Кипкируи 10 шақырымға жүгіруден Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аталған қашықтықта бахрейндік Виола Джепчумба Килонзо Мотосио (31:43.73) чемпион атанып, жапониялық Ририка Хиронака (31:50.74) екінші орын алды. Қазақстан спортшысы белгіленген қашықтықты 33:15.83 секундта жүгіріп өтіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Солайша үздік үштіктің қатарынан табылған Каролин Чепкоеч Кипкируи жеңіл атлетикадан Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде салды.