• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қазан, 2023

«Альварес-Чарло» айқасы: Қазақстанның екі боксшысының нәтижесі

365 рет
көрсетілді

Бокс тарихында алғаш рет әлемнің екі абсолютті чемпионы арасында өткен жекпе-жекте мексикалық Сауль Альварес Америка өкілі Джермелл Чарлоны жеңіп, әлемнің абсолютті чемпионы атағын үшінші рет қорғап қалды. Бұл туралы «Спорт Шредингера» Telegram-арнасынан мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Еске салайық, Лас-Вегаста (АҚШ) өткен «Альварес-Чарло» айқасы өтетін кеште Қазақстанның екі боксшысы рингке шығатынын хабарлағанбыз. Нәтижелері белгілі болды.

Әлемнің абсолютті чемпиондары айқасқан кеште рингке шыққан Қазақстан боксшылары Бек Нұрмағанбет (10-0, 8КО) нигериялық Абимбола Осундаироны (5-0, 3КО) нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Ал Әбілхан Аманқұлдың (4-0-1, 4KO) америкалық Джошон Джеймспен (7-0-2, 4КО) жұдырықтасуы тең ұпаймен аяқталды.