Азия ойындарында су добынан Қазақстан қыздар командасы Өзбекстан құрамасын 16:8 есебімен жеңіп, 3-орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетсек, Қазақстан қыздар құрамасы су добынан Азия ойындарына 2010 жылдан бері қатысып келеді.
Сол 2010 жылы — күміс, ал 2014 жылы — қола, сондай–ақ 2018 жылы — тағы бір мәрте күміс иеленген болатын.
Осы жолы дәл 2014 жылғы додадағыша қола медальді жеңіп алды.