• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Саясат 02 Қазан, 2023

Инвестициялық жобаларды іске асыру

157 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығы­мен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөнін­дегі мемлекеттік комиссия отырысында бірқатар ірі инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Қатысушылар рес­пуб­ликаның көлік-транзиттік әлеуетін едәуір арттыруға мүм­кіндік беретін жалпы ұзын­дығы 270 шақырым болатын «Бақты-Аягөз» те­мір­­жолының құрылысын, сон­дай-ақ француз компаниясымен бірлесіп, Алматы облысында агро-процессинг логистикалық хабын салу мәселелерін талқылады. Оны жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, ет, балық және сүт өнімдерін сату бойынша заманауи форматтағы әр­та­раптандырылған орта­лықты «G4 City» жобасын іске асыру аясында ашу жос­пар­ланып отыр.

Сонымен қатар отырыста «Қашаған» кен орнында жылына кемінде 700 млн текше метр газ өндіре алатын газ өңдеу зауытын салудың өзекті мәселелері талқыланды.