Ой-қырын дүбірлетіп кең даланың,
Теңіздей тебірентіп жан ғаламын,
Түсетін от пен суға қазағым-ай,
Қамы үшін қара қазан, сар баланың.
Қат-қабат қырсық зұлмат қамалаған,
Қалды аман қилы-қилы заманадан.
Қайнайды ошағының отын үзбей,
Ырыс-құт, берекесі - қара қазан...
Қорғанбек АМАНЖОЛ,Жоба авторы – Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ