• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Қазан, 2023

Бұйырғаны қола медаль

207 рет
көрсетілді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан  жазғы Азия ойындарында Кирилл Тубаев пен  Тимофей  Емельянов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

1000 метрге байдаркада есуден жекелей сайыста Кириллдің қарымы Азия ойындарының чемпионы атанған Қытай спортшысы Донг Жанг пен күміс медальға ие болған өзбекстандық  Шахриер  Махкамовқа жетпеді.    

Ал каноэдан 1000 метрге финалдық сайыста қола жүлде алған Тимофей тоғыз жыл бұрынғы жетістігін қайталай алмады. Ол 2014 жылы Оңтүстік Корея елі өткізген  жазғы Азия ойындарында чемпион атанған болатын.