• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Қазан, 2023

Бесінші орынға тұрақтады

184 рет
көрсетілді

Малайзия тасжолдарында ұйымдас­тырылған велоспорттан «Лангкави туры» мәресіне жетті.

Сегіз кезеңге жалғасқан велошабандоздар бәйгесінде шашасына шаң жұқтырма­ған британиялық Саймон Карр («EF Education–EasyPost») бас жүлдені жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші – 27 сағат 17 минут 41 секунд. Екінші орынды Саймонның командалас әріптесі колумбиялық Джефферсон Сепедой иеленсе, үздік үштікті испаниялық Пабло Кастрильо («Equipo Kern Pharma») түйін­деді. Сепедой жеңімпаздан – 49, Кастрильо 58 секундқа қалып қойды. Ал «Астана» командасының өкілі Вадим Пронский жарысты бесінші орынмен түйіндеді. «Астананың» тағы бір велошабандозы Харольд Мартин Лопес (Колумбия) үздік ондықтың қатарынан көрінді.