Ханчжоудағы XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары ескек есуден жұптық жарыстарда қоржынға екі күміс жүлде салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан спортшылары Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева байдаркада және каноэде ескек есуден жұптық сайыста 200 м қашықтықтан 46 секунд уақыт көрсеткішімен 2-ші келіп, Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Сонымен қатар ағайынды спортшылар Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарында күміс медаль еншіледі. Байдаркада және каноэде ескек есуден жұптық жарыстың MС2 1000 м бағдарламасында отандастарымыз 3:49 уақыт есебімен 2-ші келді.