• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Қазан, 2023

Данил Мұсабаев – Азия ойындарының күміс жүлдегері

289 рет
көрсетілді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында батуттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті, деп жазады Egemen.kz.

Бұл батуттық гимнастикадағы екінші медаль.

Қазақстан спортшысы Данил Мұсабаев ерлер арасында жеке жарыста 57.270 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Бірінші орынды қытайлық Ян Лангю (59.850), үшінші орынды жапондық Хирото Ямада (57.100) иеленді.