• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Саясат 05 Қазан, 2023

Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық

219 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен «Shell» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі директоры Зои Юнович мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Қаша­ған және Қарашығанақ кен орын­дарын ағымдағы игеру, жаңа газ өңдеу зауыттарын салу, елдің экологиялық заң­на­ма­сы­ның нормаларын сақтау және басқа да бірқатар мәселе тал­қыланды.

Премьер-министр өз сөзінде Үкімет компанияның еліміз­дегі мұнай-газ саласын дамыту­ға қосқан үлесін жоғары бағалай­тынын және ұзақмерзімді ынты­мақ­тастықты нығайтуға бейілді екенін атап өтті.

«Shell» – мұнай-газ секторын­дағы біздің стратегиялық серік­тесі­міз. Атқарылған істер аз емес, алдымызда бұдан да ауқым­ды бірлескен жұмыс күтіп тұр»,  деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар ол өнді­ріс орындарын қауіпсіз пайда­лану және Қазақстан Респуб­ли­­­касының экологиялық та­лап­т­арын сақтау компания жұмысындағы басты басымдық болуға тиіс екенін атап өтті.

Өз кезегінде Зои Юнович «Shell» компаниясының Қазақ­стан­мен өзара тиімді ынты­мақ­тас­тыққа баса назар аударатынын растады.

«Біз Қазақстан Республи­касы­ның сенімді серіктесі болып қалғымыз келеді. Біздің ын­ты­мақтастығымыз бұған дейін де же­місті әрі табысты болды. Бола­­шақта өзара байланыстарды одан әрі нығайта түсу үшін бар күші­мізді саламыз. Біз қысқамер­зім­де Қазақстанға инвестиция көлемін ұлғайтуға және мұнай­дың ғана емес, газдың да жаңа мүмкіндіктерін зерттеуге дайынбыз», деді ол.

Кездесу қорытындысына сәй­кес, тараптар өзара іс-қимыл­дың барлық өзекті мәселелері бойынша сындарлы диалогті жалғастыруға дайын екендіктерін атап өтті.