• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 04 Қазан, 2023

Ел ұстанымын нығайту – ерекше назарда

179 рет
көрсетілді

Таяуда Ұлттық банктің сарапшылар­ қоғамдастығы макроэкономикалық сауалдаманың нәтижесін жариялады.

Сауалдамаға еліміздің әр өңірінен макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау және болжаумен айналысатын AERC, Halyk Finance, Jusan Invest, NAC Analytica, Азия даму банкі, АКРА, Еуразиялық даму банкі, Еуразиялық экономикалық комиссия, Ренессанс капитал, Фридом финанс және Экономикалық зерттеулер инс­титуты жалпы 11 ұйымның арасында халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер қатысқан.

Макроэкономикалық шолу – Ұлттық банктің нарықтағы кәсіби қатысушыларымен коммуникацияларын жақсартуға және сарапшылар қауымдастығымен диа­лог орнатуда реттеуші әрі нарық арасындағы ақпараттық ассиметрияны азайтуға бағытталып отыр.

Аталған сауалдамаға Бас банктің болжамдары қамтылып, онда ішкі және әлемдік нарықтағы ахуал, оның даму барысына қатысты кәсіби қатысушылардың пікірлері, бағалаулары мен күтулеріне шолу жасалған. Биылғы жылдың қыркүйек айын­да респонденттер болжамның түгелге жуығы мұнай бағасының сценарий шартына қарай өсу жағын қайта қарастырды.

2023-2024 жылдары ел эко­но­микасының өсіміне жасал­ған болжамдар алдыңғы мән­де (сәйкесінше 4,4% және 4,3%) сақталып, 2025 жылға бол­жам 4,4%-дан 4,5%-ға ұлғая­тын­ды­ғын айтады.

Талдаушылар 2023 жылға арнал­ған инфляция болжамын­ 12%-дан 11,5%-ға дейін, 2024 жыл­ға – 8,5%-дан 8,3%-ға дейін жақсаратындығын, 2025 жыл­ға­­ болжам –7% деңгейінде сақ­­­­т­­а­­­ла­­тындығын атап өткен. Сарап­­­шылардың осы жылға ин­ф­ля­­циялық күтулері әр­түр­лі­ бағытта өзгеріп, тамыз­ айын­да нақты инфляция 13,1% деңгейінде болғанына қара­мас­тан, жыл соңында 8,3% бен 15% аралығында қалыптасуы мүм­кін­ді­гін айтып берді.

Осылайша, бюджеттік шы­ғыс­­тардың өсуі мен ішкі тұрақты сұра­нысқа байланыс­ты кейбір рес­пон­денттердің инфляциялық күту­лері жоғары деңгейде сақ­тал­ған.

2023-2025 жылдар ара­лы­ғын­да базалық мөлшерлеме жөнін­дегі күтулер жылына орта есеппен сәйкесінше 16,5% және 10% дең­гейінде өзгеріссіз қалған­ды­ғын­ жеткізді.

Алдағы уақытта базалық мөл­шер­леме бойынша шешімдер жылына кем дегенде 4 рет тұрақты түрде жүргізу жоспарланды.

Сонымен шолу нәтижелеріне қара­ғанда Brent маркалы мұнай баға­сы баррель үшін жылына орта есеппен – 99,182 АҚШ дол­лары, ішкі жалпы өнім – 3,2-4,4, базалық мөлшерлеме жы­лына орта есеппен – 13,9 тауар­лар мен қызметтер экспорты жылына – 94,1 млрд АҚШ дол­лары,тауарлар мен қызметтер им­порты жылына – 59,2 млрд АҚШ доллары, USD/KZT курсы­ жы­лына орта есеппен – 460,5 бол­ды.

Осыдан біраз бұрын Ұлттық банк шетелдік инвесторлардың елі­міздегі макроэкономикалық жағ­дайы мен біздегі капитал нары­ғына шолуды жүргізіп, есебін жариялауды бастаған-ды.

Есеп әлемдік қаржы нары­ғын­дағы теңге активтерін жаһан­дандыру және бағалы қағаз­дардың халықаралық индекс­теріне кіру үдерісінде Қазақ­стан­ның позициясын нығайту шаралары аясында жүргізіп отыр.