• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Қазан, 2023

Азиада-2023: Бүгін Карина Ибрагимова «алтынға» таласады

515 рет
көрсетілді

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Азия ойындарында бүгін Қазақстан құрамасының боксшысы финалға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана уақытымен сағат 17:00-де Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақтағы ақтық сында тайваньдық Тинг Ю Линмен шаршы алаңға шығады.

Отандасымыздың финалдық жекпе-жегі Qazsport телеарнасының тікелей трансляциясында көрсетіледі.

Айта кетсек, Азия ойындарының финалына жолдама алған Карина Ибрагимова бұған дейін солтүстіккореялық Джин Хянг Пэкті, моңғолиялық Намуун Монхорды және Тәжікстан боксшысы Мижгона Самадованы жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар