Грек-рим күресінің балуандары Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарын аяқтады. Өкінішке қарай елімізден барған балуандарға бұл жолы да алтын медаль бұйырмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
130 келі салмақта сынға түскен Әлімхан Сыздықов та жартылай финалда сүрінді. Қола медаль үшін тартыста түркмен балуанын 5:1 ұпаймен ұтып, қола жүлдеге қол жеткізді.
Грек-рим күресінен жазғы Азия ойындарының қола медалін Азат Садықов, күміс жүлдені Мейіржан Шермаханбет иеленді.