Вице-премьер Роман Скляр бастаған мемлекеттік органдардың өкілдері Бестөбе кен орнына барды. Қазіргі уақытта мұнда әзірленген Жол картасына сәйкес кеніштің қызметін жерасты тәсілімен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биылғы 21 тамыздан бастап шахтадан су айдау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Шахтадан 225 мың м3 су сорылып, қазір шамамен 1,3 млн м 3 қалған.
Аталған жұмысқа 417 адам тартылған. Сонымен қатар кеніш қызметкерлерін жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жақын арада кеніштің жұмысы қайта жанданады.
Аталған мәселе Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ерекше бақылауына алынды.