• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Қазан, 2023

Өкімге қол қойды

114 рет
көрсетілді

Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі және Премьер-министрдің орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу туралы өкімге қол қойды.

Мәселен, Премьер-ми­нистрдің міндеттеріне Үкіметтің қыз­метіне басшылық ету, эконо­микалық, қаржы, фискалдық және кеден саясатының, мемлекеттік бюд­жеттің стратегиялық мәселе­лері, мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелерін шешу кіреді.

Сонымен қатар Премьер-ми­нистрдің қарауына шетелдік инвес­тициялар тарту және инвес­тициялық ахуалды жақсарту, қор­ғаныс және құқықтық тәртіп, мем­­лекеттік активтерді басқару, са­ла­ларды цифрландыру және цифр­­лық экономиканы дамыту, қор­ғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту мәселелері кіреді.

Бұдан бөлек, Премьер-ми­нистр Республикалық бюджет комис­сиясының, Экономикалық саясат жө­ніндегі кеңестің, Жаңғырту жө­ніндегі ұлттық комиссияның және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына басшылық жасайды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға экономиканы және өңірлік саясатты жедел басқару, көлік инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық­ты, мұнай-газ секторы мен мұнай химиясын салу және жаңғырту мәселелері бекітілді.

Ол сондай-ақ энергия үнем­деу­ді және энергия тиімділігін арттыруды, жаңартылатын энергия көздерін, көмір өнеркәсібін, атом өнеркәсібін және ядролық энергетиканы дамыту мәселелері, инновациялар, техникалық реттеу, электр энергетикасы, геология және жер қойнауын пайдалану, экспорттық бақылау, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану, төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмыстары мәселелеріне жетекшілік етеді.

Сонымен қатар Роман Скляр жылыту маусымдарына дайындық және оны өткізу, ар­найы экономикалық және индус­трия­лық аймақтарды дамыту­ды үйлестіру, ұйымдар мен мем­лекеттік органдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қыз­меттерді сатып алуы кезінде қазақ­­стандық қамту үлесін ұлғайт­у жөніндегі мемлекеттік саясат­ты іске асыру, ғарыш қызметі, әске­ри қауіпсіздік, туризм инфра­құ­­рылымын дамыту және спорт мә­селелерін үйлестіретін болады.

Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев қаржы секторы, макроэкономикалық сая­сат, бюджет, салық және кеден саясаты, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, тариф саясаты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, концессия мәселелерін қоса алғанда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелерін үйлестіретін болады.

Сонымен қатар Ерұлан Жамау­баевтың міндетіне бизнестің проб­лемалық мәселелерін, оның ішінде әкімшілік кедергілерді азайту мәселелерін қарау және шешу, квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметін реформалау және т. б. мәселелер кіреді.

Премьер-министрдің орынбасары Мұрат Нұртілеудің мін­деті­не Қазақстан Респуб­ликасының сырт­қ­ы саяси бағдарын іске асыру, сырт­қы экономикалық саясатын жүзе­ге асыру және халықаралық имиджін ілгерілету, халықара­лық шарттардың жасалуын, орын­да­луын, өзгертілуін, тоқтатыла тұруын және тоқтатылуын үйлес­тіру мәсе­лелері, оның ішінде Қазақ­стан Рес­публикасының Мемле­кет­тік шекарасын демаркациялау, делимитациялау мәселелері кіреді.

Сонымен қатар оған сыртқы ин­вестициялар тарту, инвести­циялық ахуалды жақсарту және ха­лықаралық нарықтарда Қазақстан Рес­пуб­ликасының оң имиджін қалып­тастыру, еліміздің шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржылық, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын кеңейту, көші-қон саласындағы халықара­лық ынтымақтастықты үйлестіру міндеттері бөлінді.

Премьер-министрдің орын­­басары Тамара Дүй­сенова­ның мін­детіне білім беру­ді және ғылымды дамыту, денсау­лық сақ­тау, әлеу­меттік жаңғырту, әлеу­­­­меттік саясат, жұмыспен қам­ту, мемлекет пен азаматтық қо­­ғам­­­ның өзара іс-қимылы, мем­лекет­­тік жастар және отбасы сая­­саты, конфессияаралық және эт­нос­аралық келісімді қамта­ма­сыз ету мәселелері кіреді.

Бұдан бөлек, ол мәдениетті және спортты дамыту, мемлекеттік тілді дамыту, демография және көші-қон саясаты, «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің міндетіне сауда саясаты, агро­өнеркәсіптік кешен, жер қаты­настары, Еуразиялық эконо­ми­калық одақ шеңберіндегі және Дүниежүзілік сауда ұйымы шең­беріндегі ынтымақтастық мәсе­лелері кіреді.