• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2023

СҚО-ның үш ауданында әкімдер сайлауы өтеді

290 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандары әкімдігіне кандидаттарды ұсыну мерзімі 5 қазанда сағат 18.00-де аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО сайлау комиссиясының хабарлама дерегінше үш сайлау округі бойынша барлығы 12 кандидат ұсынылды, оның үшеуі – «AMANAT» партиясынан, тағы бір үшеуі - ҚХП, алтауы – өзін-өзі ұсынғандар. Кандидаттарды тіркеу 10 қазанда сағат 18:00-де аяқталады.

Аталған аудандардың әкімдерін сайлау 5 қарашада өтеді.