Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе отырып, терроризмді интернет желісі арқылы насихаттаған Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Оның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сондай-ақ ұсталған адам бұған дейін жалпы қылмыстық қылмыстар жасағаны үшін сотты болғаны анықталды.