Шымкентте қысқа тұйықталу себебінен автокөлікте өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, өрт сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.
«Жыл басынан бері қала аумағында автомобильдерде 39 өрт болды. Негізгі себеп - қысқа тұйықталу және дұрыс емес көрсетілген техникалық қызмет», делінген хабарламада.