• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қазан, 2023

Азия ойындары: Артистік жүзуден қола медаль бұйырды

215 рет
көрсетілді

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарының соңғы күнінде еліміздің спортшылары артистік жүзуден  қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz  Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Артистік жүзуден командалық сайыста  спортшыларымыздың өнерін қазылар қола медальға лайық деп бағалады. Осылайша Қазақ елінің спортшылары ХІХ мәрте ұйымдастырылған жазғы Азия ойындарынан 10 алтын 22 күміс, 48 қола медаль еншілеп, командалық есепте 11-сатыны місе тұтты.