«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, ертең елдің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жауады.
Тек Қазақстанның солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды. Алайда елдің барлық аумағында екпінді жел соғады, түнде және таңертең тұман болады.
Елордада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +8+10°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +23+25°С.