Қырғызстанның бас шаһары Бішкекте ұйымдастырылған жастар арасындағы самбодан әлем чемпионаты мәресіне жетті.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, үш күнге созылған жас спортшылар арасындағы жаһандық додада әлемнің 28 елінен келген балуандар жауынгерлік және спорттық самбодан 37 салмақтың үздіктерін анықтады.
Әлем біріншілігінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары да өнер көрсетіп, тәуір нәтижеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, жаһандық жарыста жерлестеріміз 4 алтын, 6 күміс жəне 12 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте 2-орын алды. Мұнда Халықаралық самбо федерациясының командасы (Ресей самбошылары) топ жарса, үздік үштікті Өзбекстан спортшылары түйіндеді.