Президенттің құттықтауына жазған жауабында әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алғысқа толы лебізін арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жеңісіммен құттықтап, қолдау білдірген Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс айтамын. Ел Президентінен құттықтау қабылдау мен үшін үлкен мәртебе», деді боксшы инстаграм желісінде.
Сондай-ақ парақшасында: «Жекпе-жегіме қолдауын көрсеткен Кеңес Рақышев ағама алғыс айтамын. Әрине күллі қазақ жұртына көп рақмет, қолдауларыңызды сездім!», деп жазды қазақ боксшысы.