• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қазан, 2023

Ұлыбританиядағы бейбіт шеру

248 рет
көрсетілді

Елде бейбіт шеру туралы заң әзірленген кезде сарапшылар бірқатар дамыған елдің тәжірибесін алға тартып, үлгі қылған еді. Осылайша, Ұлыбритания, Германия секілді мемлекеттердің бейбіт шеру туралы ережелерінің кейбір тұстарын негізге ала отырып, 2020 жылы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң қабылданды.

Бұл ретте заң қабылдануы бар да, оның орындалуы бір бөлек екенін ескеруіміз керек. Осы орайда өзіміз көрген Ұлыбританиядағы және Қазақ­стан­дағы бейбіт жиындардың өту барысына тоқталсақ дейміз.  Тұрғын­дар­дың өз ойын ашық білдіріп, бей­біт шеруге шығуы дамыған мемлекет­тер­де азаматтық қоғаммен санасуды білдіреді. Ұлыбританияда соң­ғы кезде бейбіт шерулер жиі ұйым­дас­тырылып жүр. Қазіргі әлемде орын алған геосаяси тұрақсыздық, қаржы дағдарысы бюджеттік сала маман­да­ры­ның тұрмыстық жағдайына әсер етті. Шеруге негізінен медбике, пош­та және теміржол қызметкерлері қа­ты­сып жатыр. Олардың қатарына мұғалімдер де қосылды. Осылардың ішінен теміржолшылар бүгінгі күні шеруді тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Бұл орайда жұмыс орнындағы кәсіподақтың қызметі зор, барлық жүк осындағы қызметкерлерге түсетінін ерекше атап өткен жөн. Мысалға, тұ­ман­ды альбиондағы кәсіподақтар мен теміржол компаниялары арасындағы дау бір жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Теміржолшылар  төмен жалақы мен еңбек жағдайларына наразы. Олар шерулерге қатысудан бас тартпайды. Олар басқалар секілді бейбіт шерулер жоғары жаққа талап- тілектерін жеткізіп, құқықтарын қорғайды.

«Қызметкерлер шеруге қатысқан кезде теміржол қызметі тоқтатылады. Жолаушылар қызмет көрсету кестесі­мен толығырақ Ұлттық теміржол веб-сайтынан біле алады. Шерулердің өту уақыттары да жазылып тұрады. Бізде Ланкастерде шерулер өткен жоқ. Лондон, Бирмингем, Лидс секілді ірі қалаларда ұйымдастырылады көбіне», дейді Ланкастер қаласы Теміржол вокзалының кезекші операторы Скот Смит.  

National Rail мәліметтері бойын­ша егер пойыз шеруге байланыс­ты тоқ­татылса, кешіктірілсе немесе басқа уақытқа ауыстырылса, жолау­шы билетті ауыстыруға немесе қай­таруға құқылы. Сондай-ақ сатып алынған билет басқа теміржол ком­па­ния­сының пойыздарына да жарамды. Айта кетейік, Ұлыбританияда жолаушыларға қызмет көрсететін елу шақты мекеме бар.

The Guardian егер кәсіподақтар мен теміржол операторлары арасында төлем, жұмыс қауіпсіздігі және еңбек жағдайлары туралы ортақ келісімге қол жеткізілмесе, шерулер 2023 жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін екенін жазады.

Ұлыбританияда шерулер «Қоғам­дық тәртіп туралы заң» талаптарына сүйене отырып ұйымдастырылады. Ол 1986 жылы қабылданған. Шеруге шығушы ұйым, мекеме шеру өтетін күннен алты күн бұрын жергілікті полицияға жазбаша түрде ескертеді. Онда іс-шараның басталу уақыты, қанша сағатқа созылатыны, қатысатын адам саны, өтетін жері мен маршруты нақты көрсетіледі. Көп жағдайда полиция ешқандай заң бұзушылықты анықтамаса шеру өткі­зу­ге рұқсат береді. Десе де шеруді тоқ­татуға құзы­реті бар. Егер жиынның қо­ғамдық тәртіп­сіздікке әкелетінін білсе сол өңір­дің Кеңесіне хабарласып, мемлекеттік хатшының келісімімен шерулерді 3 айға дейін өткізбеуге ты­Йым сала алады. 

Ал елімізде шеру бейбіт жиналыс­тар өткізуге келі­сім­ді жергілікті ат­қа­рушы орган береді.  Бейбіт жина­лыс­ты ұйым­дас­­ты­ру­шы жергілікті атқа­рушы ор­ганға өткі­зілетін күніне де­йін он жұ­мыс кү­нінен кешік­ті­ріл­мейтін мерзімде қағаз жет­кіз­гіш­те немесе электрондық цифрлық қол­­таңба арқылы куәлан­ды­рыл­ған электрондық құжат нысанында тапсы­ра­ды. Жергі­лікті атқарушы орган өті­ніш­ті қарай­ды және тіркелген күні­нен бастап жеті жұмыс күні ішінде жиынды ұйымдастырушыға хабарлайды. Алайда елдегі кәсіподақтар бейбіт жиын­ды ұйымдастыруға аса құлықты емес. Кө­біне мекеме қызметкерлерінің өздері шы­ғады немес жекелеген адам­дар ғана ойларын ортаға салып жатады.

 

Соңғы жаңалықтар