• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Үкімет 16 Қазан, 2023

Мемлекетаралық байланыстың негізгі мәселелері

165 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайылов пен БАӘ Министрлер кабинеті істері жөніндегі ми­нистрі Мұхаммед Әл-Гаргауи мем­лекетаралық ынтымақ­тас­тықтың негізгі мәселелерін талқылады.

Астанада өткен кездесуде тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды арттыру перспективаларын, инвес­ти­ция­лық ынтымақтастық, мемлекеттік басқару саласындағы тәжірибе алмасу қадамдарын және басқа да мәселелерді қарастырды.

Премьер-министр Біріккен Араб Әмірліктері еліміздің Парсы шығанағы аймағындағы негізгі сауда-эко­но­микалық серіктестерінің бірі екенін ерекше атап өтті. Мә­селен, өткен жылдың қорытындысына сәйкес екі ел ара­сындағы тауар айналымы  633 млн долларды құрады. Со­нымен қатар жақын арада өзара сауда ауқымын кеңейту ар­қылы бұл көрсеткішті 1 млрд долларға дейін арттыруға мүм­кіндік бар.

Әлихан Смайылов атап өткендей, инвестициялық өзара іс-қимыл жаңа жобалармен де қолдау тауып отыр. Мәсе­лен, елімізге тартылған Әмірліктер инвестициясы өткен жылы – 27%-ға өсіп, шамамен 420 млн долларға дейін жеткен.

«Бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 3 еседен астам өсті және қазірдің өзінде  400 млн доллардан асты. Біз бар­лық басым бағыт бойынша одан әрі ынтымақтастыққа ашық­пыз және Әмірліктер инвесторларына олардың баста­ма­­ларын іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын­быз», деді Премьер-министр.

Сондай-ақ ол бүгінде Қа­зақстан мен БАӘ арасында мемле­кеттік басқару саласындағы өзара іс-қимыл белсенді дамып келе жатқанын айтты. Ақпан айында Дубайда өткен Дүние­жүзілік үкімет саммиті аясында тиісті меморандумға қол қойылды.

«Біз тәжірибе алмасудың бұл мүмкіндігін жоғары баға­лай­мыз және мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттыру үшін Әмір­ліктердің озық тәжірибесін зерделеуге мүдделіміз»,  деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Гаргауи Біріккен Араб Әмір­лік­тері елімізбен қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән бере­тінін баса айтты.

«Біз экономикалық салада оң нәтижелерді көріп отыр­мыз. Әрине, бізде ортақ үлкен әлеует бар. Эко­но­ми­калық дамумен қатар, біз­дің халқымыздың арасындағы дос­­тықтың, турис­тер санының арта түскенін де көріп отырмыз. Біз бұл көрсет­кіштердің барлығы одан әрі өседі деп үміттенеміз», деді ол.