• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Саясат 16 Қазан, 2023

Әріптестіктің жаңа бағыты

144 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет Аппа­ра­тының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Аста­наға жұмыс сапарымен келген БАӘ-нің Ми­нистрлер ка­бинеті істері жөніндегі министрі Мұхаммед Әл-Гаргауимен кездесті.

Ғалымжан Қойшыбаев Қа­зақстан мен Біріккен Араб Әмір­­ліктері арасындағы ынты­мақ­тастықтың жоғары дең­гейде екенін атап өтті. Барлық бағыттағы тұрақты бай­ланыс саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гума­ни­тарлық салалардағы екіжақты әріптестікті одан әрі ны­ғай­туға ықпал етуде.

Мемлекеттік басқару саласын­дағы өзара іс-қимыл Үкімет­ара­лық ынтымақтастықтың жаңа бағдары ретінде айқындалды. Атап айтқанда, осы жылдың ақпан айында Дубай қаласында қол қойылған Даму және жаңғырту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Үкіметтер арасында тәжірибе алмасу бағдарламасы» бойынша жұмыс басталды. Қазақстан мен БАӘ-нің сарапшы топтары мемлекеттік басқарудың тиім­ді­лі­гін арттыру, жасанды интеллект, бағдарламалау, туризм және смарт-қызметтер сияқ­ты өзара іс-қимылдың перс­пективалық бағыттарын анық­та­ды.

«Қазақстан өзара ақпарат және пайдалы тәжірибе алмасу арқылы мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі», деді Ғ. Қойшыбаев.

Кездесу аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин араб тарапына Қазақстанның цифр­ландыру саласындағы же­тіс­тіктерін, атап айтқанда, «e-government», Smart Data Uki­met инфрақұрылымын, Орта­лық Азиядағы Astana Hub ірі халықаралық технопаркінің жұмысын көр­сетті.

Өз тарапынан М. Әл-Гаргауи біздегі әріптестеріне БАӘ Үкіме­тінің мемлекеттік басқару жүйе­сінде қолданылатын цифрлық шешімдерді таныстырды.

Кездесу соңында тараптар басым бағыттар бойынша тығыз өзара іс-қимылды одан әрі жалғас­ты­руға уағдаласты.